Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа Жамбыл облысынан 135 адам ілігеді

Қаңтар оқиғасы  бойынша рақымшылыққа Жамбыл облысынан 135 адам ілігеді

10 айыпталушы жазасын өтеуден босатылып, 5 азамат пробация есебінен шығарылады.

Тағы 5 адамның ісі сот процесі кезінде тоқтатылса, қалған 115-інің жаза мерзімдері қысқарады. Олардың басым бөлігі заңсыз митингке шығып, ұрлық жасағандар. Прокуратура қызметкерлері жеңіл-желпі қылмыс жасағандардың барлығы рақымшылықтың игілігін көреді - дейді.

Сержан Әбдіқұлов, облыс прокурорының аға көмекшісі: 

- Қазіргі таңда 5 адамға қатысты рақымшылық заңы қолданылды. Енді әлі 130 тұлғаға қатысты қолданылатын болады. Сотталушылардың барлығы орташа және ауыр қылмыс жасаған тұлғалар. Заң баптарына сәйкес кейбір тұлғаларға қатысты рақымшылық заңы қолданылмайды. Олар жаңағы ұйымдастырушы, экстремистік терористік қылмыстар жасаған қылмыскерлер. Оларға қытысты қолданылмайды. Қалғанының барлығына қолданылады.