Аршалыдағы апат кезінде зардап шеккен үш адамның біреуі қайтыс болды

53 жастағы азаматтың кеше түнде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалған екі жұмысшының халі орташа.  Олар осы кент мектебіндегі жылу қазандығының, от жағушылары екенін кеше хабарлаған едік. Оқушылар мен ұстаздар аман. Білім басқармасының мәліметі бойынша 2014 жылы екі қазандық, ал былтыр қараша айында мұржа ауыстырылған. Оқиғаға қатысты жайттарды жедел штаб анықтайтын болады.