Қарағанды облысында екі көлік мұз астына кетті

Қарағанды облысында 2 көлік мұз астына түсіп кетті.

Оқиға Нұра өзенінің маңында болған. Шағын автобуста 3 адам, жеңіл автокөлікте 6 азамат, оның ішінде 2 бала отырыпты. Жолаушылар мен жүргізушілер өз күштерімен сыртқа шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал темір тұлпарлар мұз астында қалды. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, қазір оларды судан алып шығу жұмыстары жүргізілуде.