Алматыда дәрігердің өліміне қатысты сот ісі жалғасуда

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотында дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін дәрігердің қасында жұмыс істеген медбике мен қылмыс болған автотұрақтың күзетшісі куәгер ретінде сөйледі. Күзетші күдіктіні таңертеңмен көргенін, бірақ оқ атылған сәтте асхананың ішінде жүргенін мәлімдеді. Ал медбике пациент Шумковтың қабылдауында алғаш рет 1 ақпанда болғанын айтты. Оған гастроскопия жасалған екен. Бұдан соң да бірнеше рет қаралыпты. Естеріңізге сала кетейік осы жылдың 4-ші сәуірінде белгілі дәрігерді оның пациенті көлік тұрағында аңшы мылтығымен атып өлтірген еді. Оқиға орнынан таксимен кетіп қалған күдіктіні тәртіп сақшылары Алатау ауданында ұстаған болатын. Бүгінгі сот отырысына айыпталушының анасы да қатысты.