Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды

«Достық-Үшарал» арасы кешелі бері жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, Көктұма бекетінен Достық ауылына дейін көлік жүре алмайды. Боран бет қаратпай тұр. Бұл жайында Қазавтожол компаниясының өкілдері хабарлады. Кеше осы Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылған еді. Боран салдарынан 20-ға жуық көлік далада қалып қойған. Құтқарушылар мұндайда алыс жолға шықпауды ескертеді. Бүгін, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстан тіпті Түркістан облысында да сақ болу хабарланды. Синоптиктер бұл аймақтарда тұман түсіп, боран соғатынын айтады.