Қостанай облысында ауыз су әкелу үшін көрші ауылға трактормен шыққан екі ер азамат жолда қалған
Олар жолды қысқартамын деп далалық жерге түсіп, көлігінің дөңгелегі жарылған. Оның үстіне ұялы байланыс аясынан тыс жерде қалған.
Ауылдастары полицияға арызданған соң, учаскелік инспекторлар құтқарушылармен бірге адасқандарды тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сондай-ақ, Жетісу облысында қар құрсауында қалған жеңіл көлікті шығарды. Абырой болғанда жүргізушісі мен жолаушылары дін аман. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды боран және қытымыр аяз кезінде алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.