Алматы облысында жоғалған отбасы мүшелері аман-есен табылды

Бүгін таңертең Еңбекшіқазақ ауданындағы Бортоғай су қоймасында төрт ер адам, екі әйел және баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен еді.

Мұның бәрі бір отбасының адамдары. Олар 2-ші қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы қыратына қарай шығып, содан үйлеріне оралмаған. Бүгін кешкі 8 жарымда құтқарушылар оларды тапты. Олармен қоса 40 шақты көлік болған. Біразының жанармайы таусылған екен.