Павлодар облысында 75 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті
Павлодар облысында ірі өрт оқиғасы тіркелді. Майтүбек ауылында екі бірдей жекеменшік шаруашылықтың ауласы отқа оранған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соның салдарынан біреуінде 40, екіншісінде 35 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті. Кезекші пультке дабыл түн ауа түсіпті. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 6 сағат бойы күресті. Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтірген. Екі жерде де мая шөп жанған. Соған қарағанда қасақана өрт қойылуы мүмкін деген болжам бар. Келтірілген шығын анықталып жатыр.