Риддердегі ЖЭО-да тағы да апат болды

Риддердегі ЖЭО-да тағы да апат болды

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды. Бұл жолы да багер сорғысы орналасқан станцияны су басқан.

Оған орталық басшылығының жауапсыздығы себеп. Өңір әкімі Даниял Ахметов өзінің әлеуметтік парақшасында осылай деп жазды. Қазір апат болған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. 2-3 сағатта бәрін қалпына келтіреміз дейді. Шаһарға жылу беру тоқтаған жоқ.