Семейде үйде қамалып қараусыз қалған балалар құтқарылды

Семейде үйде қамалып қараусыз қалған балалар құтқарылды. Олар үйден күйіктің иісі шығып тұрғанын айтып, «112» нөмеріне хабарласқан.

Жедел жеткен төтеншеліктер олардың үйде қамалып қалғанын анықтап, құтқару жұмыстарын жүргізді. Балалар Семей қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оларға ыс тигенін айтып отыр. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы.