Ақмола облысында полиция жолда қалған көліктерге көмектесті
Ақмола облысының тәртіп сақшылары күні-түні жол бойында жүр.
Кешелі бері 1000-ға жуық көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Түнде тек Щучинск-Астана арасында 430-ға жуық техника әупірімдеп жетті. Оның 382-сі жеңіл көлік. Ал Астана - Петропавл аралығында DAF маркалы ауыр жүк көлігі далада қалған. Оған полицияның "Тұлпар 10" экипажы көмек көрсетті. Петропавлға жолға шыққан елорда тұрғыны рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.