Ақтөбе облысында УАЗ көлігі суға кетті

Ақтөбе облысында УАЗ маркалы автокөлік Ойыл өзенінің үстімен жүріп өтпек болып, мұз астына түсіп кеткен.

Абырой болғанда, жүргізуші мен 2 жолаушы судан аман-есен шығып үлгірді. Мамандар олардың медициналық көмекке жүгінбегенін айтады. Кеше өңірде су жүріп, біраз әбігер туғызғаны белгілі. Дегенмен, Ақтөбенің өз басында күн ашық, аяз. Бірақ өңірдің біраз бөлігінде бүгін жел көтеріліп, бұрқасын соғып тұр.