Маңғыстау облысында цистерна жарылысынан екі адам ауруханаға түсті
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жанар-жағармай құйылған цистерна жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті.
Дәулет ауылында орналасқан BBJ GROUR көлік компаниясының базасында тұрған цистерна жарылып, арты өрте ұласқан. Қазір өрт сөндірілді, шығу себебі анықталып жатыр. Облыстық көпбейінді аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр. 34 жастағы азаматтың басы, беті және мойын терісі қатты күйген. Ал 42 жастағы азамат бас-ми жарақатын алған және аяғы мен иығын күйік шалған.
Жайнат Әуесбаев, аудандық ТЖБ Бас маманы