Ұлытауды бетке алған автобустан 23 адам құтқарылды
Бүгін Ұлытау облысында 23 адам, оның ішінде 5 бала жолда қалып қойды.
Жолаушы лық толы автобус Жезқазған қаласынан Ұлытауға шыққан екен. Бірақ техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған. Абырой болғанда Төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жедел қимылдап, жолаушыларды Ұлытауға жеткізді. Адамдар аман-есен. Тоңған, мертіккен ешкім жоқ.