Талдықорғанда киіктің 222 мүйізі тәркіленді
Талдықорғанда киік мүйізін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды.
Одан 222 мүйіз тәркіленді. Күдікті 32 жаста. Ақсу ауданының тұрғыны екен. Оны ұстауға полициямен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінң шекара қызметі және Ұлттық ұлан күштері атсалысқан. Қазір күдікті қамалып, тергеу жүріп жатыр.