Қарағандыда 4 көлік өртеніп кетті

Қарағандыда бір тәулікте 4 бірдей автокөлік өртеніп кетті.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Бірақ машиналардың барлығы да жөндеуге жарамсыз. Өртке сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Мұндай жағдайда көлік бас-аяғы 4-5 минутта жанып кетеді екен. Өрт сөндірушілер жетіп те үлгермейді.