Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Қарағандыда екі кештің арасында көпқабатты үйден өрт шықты.
Алдын ала болжам бойынша 8-ші қабаттағы пәтерде газ баллоны жарылған болуы мүмкін. Жалпы бұл 16 қабатты 127 пәтерден тұратын кешен. Ақпарға қарағанда төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялаған. сағат 22 ден 37 минут кеткенде өрттің бетін қайтарған. Бірақ өрт шыққан пәтерден үш адамның мәйітін тапқан. Оның екеуі ер біреуі әйел. Тағы бір жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді. Құтқару жұмыстарына 12 техника мен 50 адам жұмылдырылған. Қауіпсіз жерге шығарылған адамдарды жылыту үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен үш автобус жеткен. Дәрігерлер де осында.