Ақтауда жарылыс кезінде бір адам көз жұмды
Ақтауда техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болып, 1 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 3 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында 6 газ баллоны жарылған. Қызыл жалын 50 шаршы метрді шарпыды. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер 17 баллонды сыртқа шығарып үлгерді. Жалынды ауыздықтауға 25 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. Апаттың себебі анықталуда.