Ақтауда болған жарылыстан 3 өзбекстандық азамат жараланды
Кеше Ақтауда техникалық қызмет көрсету станциясында болған жарылыстан 3 өзбекстандық азамат жараланды.
Екеуі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастардың басы мен денесінің 65%-ін күйік шалған. Соңғысы 51 жаста. Ер адам травматология бөлімшесіне жатқызылды. Ақ халаттылар ауыр жағдайдағы науқастарға Астана мен Алматыдағы әріптестерімен ақылдаса отырып, ем жүргізуде.
Есіңізге сала кетсек, 12 қаңтарда қала ішіндегі техникалық қызмет станциясында күшті жарылыс болып, сол жерде жұмыс істейтін бір әйел қайтыс болды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Самалбек Жұмағұлов, травматолог-дәрігер:
- Кеше 19.30 шамасында 29А шағын ауданнан бізге хабар келді. Бізге, «қызыл аймаққа» жағдайы ауыр 2 науқас келді. 19 жастағы бала, біреуі 72 жылғы. Жағдайлары өте ауыр. Өзбекстан азаматтары. Дәрі-дәрмектерін алып жатыр. Барлығы бар. Ал травматология бөліміндегі науқастың жағдайы тұрақты.