Астана маңында парашютпен секірген сарбаз қайтыс болды
Парашютпен секіру кезінде әскери сарбаз қаза тапты.
Оқыс оқиға бүгін Астана маңында әскери оқу-жаттығу барысында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше қайтыс болған жауынгер әскерге 2022 жылдың көктемінде Қарағандыдан шақыртылған. Оқиғаның толық мән-жайы әзірге белгісіз. Қазір анықтау шаралары жүріп жатыр.
Талғат Қойбақов, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:
- Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.