Қарағандыда газ баллоны жарылды
Қарағандыда екі қабатты, 12 пәтерлі үйдің бірінде көлемі 5 литрлік газ баллоны жарылып, салдарынан 2 адам жарақат алды.
Оқиға салдарынан 6 пәтерге зақым келді. Мән-жай анықталғанша, тұрғын үйде жылу мен электр қуаты өшірілді. Сондықтан қала әкімдігі тұрғындарға жатақханадан орын берген. Төтенше жағдайды ауыздықтауға 8 техника мен 36 құтқарушы жұмылдырылды. Мамандар сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.
Мейрам Кожухов, Қарағанды қаласының әкімі:
- Ертең таңертеңнен бастап сараптама жасалады. Екінші қабат пен бірінші қабаттың арасы түсіп кету қаупін нақты тексереді. Әзірге тұрғындарды уақытша жатқызатын жатақхана бар. Сонда орналастырамыз. Ал қалған кей пәтер тұрғындарына ертең жылу беруге тырысамыз.