«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өрт болды

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқыс оқиға жайлы хабар таңғы 5:30-да келіп түскен.

3 қабатты «Облака» мейрамханасынан өрт шығып, қызыл жалын 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Арнайы техникалар өтетін тиісті жол болмағандықтан, мамандар отты ішкі крандар арқылы сөндіруге кіріскен. Өрт толығымен таңғы 8:30-да ауыздықталды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ...