Оралда мектептен өрт шықты
Оралда №28 мектеп-лицейі өртеніп, 66 жастағы күзетші улы газға уланып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оны дәрігерлер аурухананың жансақтау бөліміне жатқызды. Өрт ғимараттың 2-ші қабатындағы кабинетте тұтанған. Қызыл жалын дереу сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, отты өшіруге жеке құрамнан 50 шақты адам мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.
Қазір оқиғаға қатысты мән-жай анықталуда. Ал таңертеңгі ауысымда оқитын балалар қашықтан оқытылып жатыр.