Бүгін қаланы күйік иісі басып, әлеуметтік желіде тұрғындар талқыға салған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өрт ошақтарын анықтау мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-874 тікұшағымен әуеден барлау жүргізді. Нәтижесінде 4 өрт ошағы анықталды. 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 шақырым жерде, 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 га астам алаңды шарпыған. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
