Түркияда жоғалған отандасымыздың біреуі табылды
Із-түзсіз жоғалып кеткен отандасымыздың бірі Хатай провинциясында үйінді астынан табылды.
Бақытымызға орай, ол дін аман. Есімі Сабина Мамадиярова. Ақжолтай хабарды сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. Жерлесіміз табылған үйінді астында өзге де қазақстандықтар болуы мүмкін. Өйткені оларды соңғы рет зілзала салдарынан қираған үйде көргендер бар екен. Сондықтан Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев жергілікті құтқарушылардан іздеу-құтқару операциясына кірісуді сұраған болатын. Дегенмен қалған 3 отандасымыздан әзірге хабар-ошар жоқ. Апат болған тұста екеуі Хатай аймағында, тағы біреуі Адана қаласында болған.