2 қазақстандық үйінді астында болуы мүмкін

Түркияда із-түзсіз кеткен қазақстандық Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков үйінді астында болуы керек.

Бұл туралы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің негізін қалаушы Мағжан Мадиев айтып отыр. Ол Мирболаттың туған ағасымен Түркияға жерлестерімізді іздеуге кетті. «Олардың локациясы нақтыланды. Бірақ дәл сол жердегі тазалау-аршу жұмыстарын тездету керек. Оларды аман алып қалу үшін техника, кран, адамдар қажет», - деп жазды Мағжан Мадиев өзінің телеграм парақшасында. Із-түзсіз жоғалып кеткен отандасымыздың бірі Сабина Мамадиярова дін аман үйінді астынан табылғаны туралы айтқан болатынбыз.