Теміртауда жүргізуші полицейді 200 метр жерге сүйреді
Теміртауда 11 ақпан күні түнгі 1 шамасында патрульдік полиция қызметкері автокөлікті тоқтатқан.
Рольдегі 31 жастағы азаматтан ішімдіктің иісін сезіп, көліктен түсуін талап еткен. Ер адам оған қарсылық танытып, қашпақ болған сәтте полицей көлікке мініп үлгереді. Алайда есігі жабылмай, тәртіп сақшысының аяғы сыртта қалады. Мас жүргізуші сол күйде оны 200 метрге сүйреп, бір-ақ тоқтаған. Сол сәтте полицей оны құрықтап үлгерді. Кейін жүргізуші наркология орталығына жеткізіліп, орта дәрежеде ішімдік ішкені анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық баптары бойынша хаттама толтырылып, 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.