Ақмола облысында минивэн мен пойыз соқтығысты
Оқиға сағат таңғы 06:45-те Бурабай-Шортанды учаскесінде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Апаттан қаза тапқандар бар. Ресми мәліметке сенсек, көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі мен шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Осының кесірінен локомотив тоқтай алмай, көлікпен соғысты. Қазақстан темір жолының мәліметінше, өткелдегі белгі беру құрылғысы жұмыс істеп тұрған, кезекші де оқиға орнында болды.