СҚО-да боранда жоғалған адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысында боранда адасып кеткен ер адамның мәйіті табылды.
Ол осыдан екі күн бұрын Айыртау ауданында жоғалып кеткен еді. Жаңасу ауылының 45 жастағы тұрғыны Янко елді мекенінде тұратын інісіне қонаққа барып, түс ауа үйіне жаяу шыққан. Оны іздеуге полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті адамдар жұмылдырылды. Оның сүйегі бүгін кешке ауылынан 3 шақырым жерде, қалың қар астынан табылды.