«Қазавиақұтқару» тікұшағында болған 4 адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» тікұшағы апатты жағдайда қонып, 4 адам қаза тапты.
2 азамат зардап шекті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше бортта 6 адам болған. Бесеуі экипаж мүшесі, біреуі «КазТрансОйл-дың» өкілі. Бұған дейін хабарланғандай тікұшақ магистральді мұнай құбырын шолып қарау барысында апатты жағдайда қонған. Борт сақтандырылған. Әуе кемесі биылғы қаңтарда мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен.
Руслан Иманқұлов, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі: