Тікұшақ апаты: Қылмыстық іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
23 ақпанда «Қаз авиа құтқару» мекемесінің әуекөлігі апатты жағдайда қонып, 4 адам қаза тапқан еді. Оқыс оқиға бойынша көліктегі полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл іс Бас прокуратураның қадағалауымен жүреді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше бортта 6 адам болған. Бесеуі экипаж мүшесі және «ҚазТрансОйлдың» өкілі. Бұған дейін хабарланғандай тікұшақ магистральды мұнай құбырын шолу барысында апатты жағдайда қонған.