Криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқандар ұсталды

Елордада цифрлық активтерді айырбастау саласында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 3 азамат ұсталды.

Күдіктілердің әрекетін қаржылық мониторинг агенттігінің, қалалық департаментінің мамандары әшкереледі. Ұсталғандар заңсыз әрекеттерін «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңынан тыс жерде жүзеге асырған. Күдіктілерді тінту барысында айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңге тәркіленді. «Бинанс» платформасында 2 криптоәмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Алдын ала есеп бойынша «Binance» платформасындағы криптоайырбастау пунктінің криптоәмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.