Теміртауда көп қабатты үйде газ баллоны жарылды
Теміртаудағы көп қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылды.
Белгілі болғандай, 7 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оның бесеуі бала. Оқыс жағдай жайлы хабарлама 13:56-да түскен. Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Дегенмен, 6 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Төтенше жағдай департаментінің мамандары пәтерлер арасындағы қабырға мен есіктің, сондай-ақ подъездегі терезе жақтаулардың да бүлінгенін мәлімдеді. Өңір құтқарушылары көпқабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынғанын ескертті. Алайда оған құлақ аспайтындар көп.