Тараз және Шымкент халқы Ауғанстандағы жер сілкінісін сезінді
Ауғанстаннның солтүстік-батысында 6,5 балдық жер сілкінісі болып, 20-дан астам үй қирап бүлінді.
Зілзала ошағы Бадахшан провинциясындағы Джурм елді мекеніне жақын жерде тіркелген. Табиғат апатынан қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Дүмпу радиусы 1 мың шақырым жердегі көрші елдерде де сезілген. Олардың ішінде Пәкістан, Үндістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан бар. Пәкістанда оның қуаты 6 балға жеткен. Сват өңірінде 1 қыз бала қайтыс болып, 150 кісі жарақат алды. Ал Өзбекстанда дүмпудің күші 5 балға жетті.
Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте де сезілді.