8 есірткі зертханасын ашпақ болған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

Синтетикалық есірткі зертханасының сегізін ашпақ болған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, арнайы операция Алматы облысында жүргізілген. Полицейлер әуелі заңсыз тауар өндірген шетел азаматын тұтқындаған. Артынан бұл қылмыстық топты қаржыландырған, шикізатты шетелден жеткізіп отырған екі күдікті қолға түсті. Осылайша бас-аяғы 10 адам тұтқындалып отыр. Синтетикалық тауар әзірлеуге арналған жабдықтар тәркіленді. Осылайша, елде екі тонна синтетикалық есірткі өндірмек болғандардың әрекеті әшкере болды.

Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ департамент басшысы:

- Сондай-ақ, синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдықтар, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленді. Үш жеке үй мен үш автокөлікке тиым салынды. Тергеу жалғасуда.