Жалған еуроны банкпен келісіп айырбастаған азамат экстрадицияланды
Банк қызметкерлерімен келісіп, жалған еуро банкноттарын айырбастаған қазақ азаматы Швецияда ұсталып экстрадицияланды.
Ол бұдан 3-4 жыл бұрын қылмыс жасап, шетелге із суытып үлгерген екен. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, серіктері жазаға тартылған. Күдікті кейін Швециядан табылып, сол елдің Әділет министрлігі халықаралық іздеуде жүрген азаматты елге беруге келісті. Қазір ол Астана қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр. Мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.