Астанада эскалатордың істен шығуынан бірнеше адам зардап шекті
Астанадағы сауда-ойын орталығынының бірінде эскалатордың істен шығуына байланысты 2 ересек адам мен 1 бала дене жарақатын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зардап шеккендер медицина мамандары қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Эскалаторда 20-ға жуық адам болған.