Қызылорда тұрғынынан қара сора мен кептірілген марихунаны тәркіленді
Жылыжайда қызанақ пен қияр емес, қара сора еккен.
Полицейлер Қызылордада күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде арнайы ыдыста өсірілген сора мен кептірілген марихунаны тәркіледі. 54 жастағы тұрғын 37 түп есірткі тектес өсімдікті күтіп-баптаған. Сондай-ақ, оның ауласынан 1,5 келі кептірілген марихуана табылды. Бұл жәйт облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық Ұланның "Бүркіт" арнайы жасағы бірлесіп жүргізген іс-шара барысында анықталды. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.