Теміртауда «мектепке бомба қойылғаны» туралы ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр
Теміртауда мектепке «бомба қойылды» деп жалған ақпарат таратқан күдікті іздестіріліп жатыр.
Белгісіз адам бірнеше мектептің электрондық поштасына жарылғыш туралы хат жіберген. Алайда мамандар бір де бір білім мекемесінен қауіпті затты тапқан жоқ. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер күдікті қолға түссе 5 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.