Атырау облысында табиғи резерват аумағында қамыс өртеніп жатыр
Атырау облысындағы “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты аумағында кешеден бері қамыс өртеніп жатыр.
Соның салдарынан қаланы қою түтін басты. Қорыққа жақын ауылдардағы жағдай тіпті қиын. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 85 гектар жер өртеніп кеткен. Қазір арнайы жасақтың 70-ке жуық адамы мен оннан астам техника қызыл жалынмен күресіп жатыр. Тілсіз жау ошағы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан. Жел мен батпақ өртті сөндіруге қиындық тудырып тұр. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.