Ресей аумағында ұрланған көлікті әкеліп сатқандар ұсталды
Ресей аумағында іздеу салынған көліктерді Қазақстанға әкеліп сатумен айналысқан топ ұсталды.
Олар заңсыз әрекетті 2020-2021 жылдар аралығында Ақмола облысында жүзеге асырған. Үш азамат автокөліктерді көрші елде сатып алып, жалған құжат рәсімдеу арқылы ел аумағына кіргізген. Одан кейін шынайы сатып алушыларға өткізіп келген.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасалып, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң шекарадан өтіп, сатып отырған. Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.