Қызылорда облысында 25 оқушы астан ұшынып қалды
Бұл оқиға Қазалы ауданы Каукей ауылындағы №225 мектепте болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Асханадан таңғы ас ішкен бірнеше оқушы іші ауырғанын айтып, медицина қызметкеріне жүгінді. Көп ұзамай 25 балаға «Тағам токсикоинфекциясы» диагнозы қойылып, 21-і дереу ауруханаға жатқызылған. Қалғаны амбулаторлық бақылауға алынған.
Оқушылардың жаппай тағамнан улану жағдайы 29 наурыз күні болған. Балалар Қазалы аудандық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне орташа ауыр күйде жеткізілген. Тиісті ем жасалғаннан кейін жағдайларының жақсаруына байланысты 30 наурызда ата-аналарының қолхатымен барлық науқас ауруханадан үйіне шығарылып, емін амбулаториялық жағдайда жалғастырған.