Павлодар облысында Ертіс өзені жайылмасынан өрт шықты
Павлодар облысында Ертіс өзені жайылмасынан өрт шықты.
Қызыл жалынның бетін қайтару әзірге мүмкін болмай тұр. Отқа оранған аумаққа техника өте алмайды. Сондықтан оқиға орнына өрт сөндірушер жаяу барған. Олар арнайы техниканың көмегінсіз, отты қолмен сөндіруге мәжбүр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше тілсіз жау шарпыған аумақ 25 гектарға жетті. Елді мекендерге қауіп жоқ. Негізінен құрғақ шөп жанып жатыр. Оқыс оқиғаға адамдардың салғырттығы себеп болуы ықтимал. Көктемнің басынан бері бұл Ертіс жайылмасында тіркеліп отырған екінші өрт оқиғасы.
Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
- Өздеріңіз білесіздер кеше сағат сегіздің кезінде хабарлама келіп түсті осы Усолка өзенінің жайылмасында өрт туралы. Енді ол жерге ТЖД қызметкерлері барған кезде техникамен жүре алмауы себебінен жаяу барып, қызметкерлер сөндіруге кірісті. Аумағы 25 гектар болып және шығыны мен себебі анықталуда.