Қапшағайда қамыс өртенді
Қонаев қаласының «Шығыс» ықшам ауданында, көлдің жағасындағы қалың қамыс өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шамамен 3 мың шаршы метрден астам аумақты жалын шарпыған. Түскі сағат үште басталған өрттен жеке үйлерге да қауіп төнді. Қатты жел тұрып, от жан-жаққа тез таралған. Оқиға орнына арнайы техника мен өрт сөндірушілер де келіп, отты ауыздықтады. Оларға тұрғындар да жәрдем берген. Қазір оның шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Ербол Ахметов, қала тұрғыны:
- Ар жақтан жаңа бастап жанды. Біреу өртеді де қашып кетті. Арғы жақта тұрған қамыс ішінде трактор. Соның жан-жағын суын шашып, үйге қарай кетіп қалмасын деп.