Қауіпті ем: Алматыда Үндістан дәрі-дәрмегі тәркіленді

Алматыда шетелден заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек тәркіленді.

Тексеру барысында тауардың Үндістаннан жеткізілгені анықталды. Таза салмағы 356 келі болатын 54 мың 500 данаға жуық дәрілік заттың партиясын күдіктілер "биологиялық белсенді қоспа" деп көрсетіп елге кіргізуге  тырысқан. Кедендік сараптама нәтижесінде тауардың "дәрілік зат" және оның емдік мақсаттарға арналғаны анықталды. Ол сатуға арналған қаптамаға оралған. Кедендік тексеру Авиациялық көлік про-куратурасының бастамасымен жүргізілді.

Айжан Бекеева, мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы:

- Жүргізілген есептеулерге сәйкес, тауарлардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінде ҚР ҚК-нің 234-бабында көзделген "экономикалық контрабанда" бұзушылық белгілері байқалады, осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша ЭТД-не жіберілді.