Павлодар облысында орманнан өрт шықты
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алдын ала болжам бойынша, жалын 200 гектар аумаққа тараған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, оттың ошағы кеше түс мезгілінде далалық жерден басталып, орманға ауысқан. Кейін Ресей Федерациясының аумағына көшіпті.
Сәуірдің 13-інде «Ертіс орманы» табиғи резерватының Первомай және Бәйімбет орманшылықтары аумағындағы өртті сөндіру үшін Павлодар облысынан көмек барған. Колонна құрамында 4 автоцистерна, командалық-штабтық машина, жоғары өтімді «Вахтовка» автокөлігі болды. Жағдайда бақылауға «ҚАЗАВИАСПАС» тікұшағы ұшып шықты.
Бүгінгі таңда өрт толығымен ауыздықталды. Келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.