Ақтөбе облысының жолдарында 23 адам құтқарылды
Өткен тәулікте Ақтөбе облысының автожолдарында 23 адам құтқарылды.
Сәуірдің 15-і күні ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолған шыққан автокөлік Самара-Шымкент тас жолының 820-шақырымында жиекке шығып кеткен. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен 20 адамды эвакуациялады. Араларында 3 бала бар. Бұдан бөлек мамандар Мұғалжар ауданы Сағашиілі ауылының аумағында сынып қалған жеңіл автокөліктен 3 адамды құтқарған. Осыған байланысты Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.