Қызылордада газ құрылғысы жарылды
Қызылордалық құтқарушылар тұрғындарды газ қондырғыларын тұрақты техникалық бақылаудан өткізіп тұруға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Күні кеше газды ауа қоспасының жиналуынан жеке үйде жарылыс болып, нысанның 182 шаршы метрі қирап қалды. Салдарынан уақытша құрылыс алаңында жүрген Өзбекстан азаматының беті-қолы мен мойынын күйік шалып, ол жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы қалыпты деп отыр.
Өрт 1 сағат ішінде толық сөндірілді. Қазір арнайы құрылған штаб апаттың нақты себебін анықтап жатыр.
Нұрбол Исанов, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:
- Жалпы өрт сөндіруге Қызылорда облысы ТЖД 5 техника, 25 қызметкер, арнайы қызметтерден 12 адам мен 4 техника жұмылдырылды.