Оралдағы тоғай аумағында 70 гектар жер өртенді
Оралда Басқақ тоғайы аумағындағы өрт 70 гектарды қамтыды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның ішінде 55 гектары құрғақ шөп болса, 15 гектары – орман екпелері.
«Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан ТЖМ бөлімшелері және «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің бірлескен жедел іс-қимылдары нәтижесінде өрт 20 сәуір күні сағат 20.36-да оқшауланды. Елді мекендерге қауіп жоқ, қазіргі уақытта жекелеген жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар өрт сөндірушілерге ыстық тамақ ұйымдастырды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға барлығы 158 адам, 34 техника жұмылдырылды. БҚО ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс жасап жатыр» деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында құрғақ шөптің өртенуіне байланысты жедел штаб құрылғанын жазған болатынбыз.