Каспийде жер сілкінісі болды

Каспий теңізінде магнитудасы 4 балға тең жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.

Орталық мәліметіне сүйенсек, кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да Ақтаудан 405 шақырымдай жерде су асты дүмпіді. Зілзала ошағы 56 шақырым тереңдікте тіркелген.